Сайран көлін қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары қашан аяқталады

13.04.2023 15:57

Қазіргі таңда көлдің түбін механикалық тазарту жүріп жатыр

nur.kz

Сәуірдің 13 күні қала әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Сайран көлін қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Менің тапсырмам бойынша ақпан айынан бастап «Сайран» көлінің түбін (ауданы – 50 га) механикалық тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыстар мамыр айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Көлдің түбін тазалағаннан кейін аумағын қайта құрып, абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік сараптама осы айда шығады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарын тамыз айында бастап, 2024 жылдың III тоқсанында аяқтаймыз», – деді қала әкімі.