Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды

05.08.2024 15:07

Алматыда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,8% өсті

Алматы әкімдігі / пресс-служба города Алматы

Биыл 6 айда Алматыда негізгі капиталға 715 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өсім - 15,8%. Жеке инвестиция 21,1% өсіп, 656,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Әсіресе инвестиция IT-сектор (3,8 есе өсу), туризм (2,5 есе), өңдеуші өнеркәсіп (2 есе), денсаулық сақтау (2 есе) және көлік саласында (+47,1%) байқалған. 

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10% өсіп, нақты өсім 2 трлн теңгеден астам сомаға бағаланды.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды