Жетісу ауданы тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыс жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы мегаполис әкімі айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында қала тұрғындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Палладин – Павлодар - Боралдай көшеcінің квадратында жаңа 6 трансформаторлық подстанция орната отырып, 21,5 км электр желісі жаңғыртылды. Бүгінде объектілерді пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.

"Осы жылдың соңына дейін Кемел шағынауданында ұзындығы 43,5 км электр желісін жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жұмыстардың 70%-ы орындалды, 1273 тірек және 8 трансформаторлық подстанция салынып, 6,5 км кабель желісі, 30,5 км әуе желісі тартылды. Бұл қалалық желінің шағынаудан тұрғындарына толық қызмет көрсетуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді қала әкімі.

Новости партнеров