Ерболат Досаев Әуезов ауданындағы жөнделіп жатқан жерүсті өткелдерін аралап көрді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жоба аясында өткелдерде қыста да үздіксіз жұмыс істейтін әрі аязға төзімді тік көтергіштерді орнату жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында қаланың Әуезов ауданындағы жерүстіндегі бес жаяу жүргіншілер өткелінің біріне күрделі жөндеудің жүргізілуімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайын көшесі мен Райымбек даңғылының өткелдері 10 жылдан астам уақыт бұрын салынған және содан бері жөнделмеген. Бүгінгі күні оларда көтеру механизмдері мен лифтілер жұмыс істемейді.

Жоба аясында өткелдерде қыста да үздіксіз жұмыс істейтін  әрі аязға төзімді тік көтергіштерді орнату жоспарлануда. Жарықтандыру бағаналары мен шамдарды ауыстыру жүзеге асырылады, ағызу құбырлары ауыстырылады және жаяу жүргіншілер өткелдерін сәулеттік жарықтандыру ұйымдастырылады. Жұмысты жаздың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бұдан басқа, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында полицияның жедел басқару орталығына шығарылады әрі бейнебақылау камераларының санын көбейту жоспарлануда.

Қала әкімі Onay көлік картасы арқылы азаматтардың жекелеген санаттарының лифтілерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша үлгілік жоба әзірленетін болады, онда мұндай өткелдерді жөндеуге қойылатын бірыңғай талаптар көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі №9 мектепті күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды

Новости партнеров