Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Мұндай шешімді депутаттар Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көлік байланысын жақсарту және қала маңы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа маршрут ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұндай шешімді депутаттар Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрут ұйымдастыруды жоспарлаған, қазір оның 9-ы ашылды:

  • № 216 Талғар ауданы Дәулет кенті – Алматы 1 вокзалы;
  • № 223 Талғар ауданы Туғанбай кенті, Нұра – Алматы 1 вокзалы;
  • № 232 Тұздыбастау кенті Сұлтан кешені – Алматы 2 вокзалы;
  • № 233 Іле ауданы Қарой кенті  Саяхат автовокзалы;
  • № 234 Еламан кенті – базары;
  • № 235 Исаев – Солтүстік айналма жолы Сәлем базары;
  • № 236 Жамбыл ауданы Қарғалы кенті  – Төле би Яссауи;
  • № 240 Іле ауданы Батыр кенті – Адем СҮ;
  • № 247 Жамбыл ауданы Мыңбаев кенті – Төле би Яссауи;
  • №244 маршрутты тасымалдаушылардың жыл соңына дейін жаңа автобустар сатып алуына қарай ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жаңа №9, №89, №97 қалалық маршруттар ашылды.

Қашықтыққа байланысты қолданыстағы 2 маршруттың схемасы бөлінді:

- №20 маршрут № 20 және № 58 маршруттарға бөлінген;

- №115 маршрут № 115 және № 136 маршруттарға бөлінген.

Сонымен қатар жыл соңына дейін №27-маршрут №27, 76-маршруттарға бөлінеді, тасымалдаушылардың жаңа автобустар сатып алуына қарай ұйымдастыру жоспарлануда.

Алматы қаласының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесіне өзгерістер енгізілді. Мәселен, Алматы қаласы Мәслихатының шешімінде заңды нақтылау үшін қозғалыс атауы мен схемасы (Алматы-2 станциясына дейін ұзарту) «Қазыбек бек-Алматы-2-Қазыбек» болып өзгертіледі.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылы «Алматы-1 ТЖ-Ұзынағаш станциясы-Алматы-1 ТЖ» бағытында әлеуметтік маңызы бар электр теміржол бағыты ұйымдастырылған болатын.

Новости партнеров