Мұндай шешімді депутаттар Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында қабылдады
Көлік байланысын жақсарту және қала маңы тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа маршрут ұйымдастыру жоспарланып отыр. Мұндай шешімді депутаттар Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІ сессиясында қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 10 жаңа маршрут ұйымдастыруды жоспарлаған, қазір оның 9-ы ашылды:
Сонымен қатар жаңа №9, №89, №97 қалалық маршруттар ашылды.
Қашықтыққа байланысты қолданыстағы 2 маршруттың схемасы бөлінді:
- №20 маршрут № 20 және № 58 маршруттарға бөлінген;
- №115 маршрут № 115 және № 136 маршруттарға бөлінген.
Сонымен қатар жыл соңына дейін №27-маршрут №27, 76-маршруттарға бөлінеді, тасымалдаушылардың жаңа автобустар сатып алуына қарай ұйымдастыру жоспарлануда.
Алматы қаласының теміржол көлігі саласындағы әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы жолаушылар қатынастарының тізбесіне өзгерістер енгізілді. Мәселен, Алматы қаласы Мәслихатының шешімінде заңды нақтылау үшін қозғалыс атауы мен схемасы (Алматы-2 станциясына дейін ұзарту) «Қазыбек бек-Алматы-2-Қазыбек» болып өзгертіледі.
Естеріңізге салсақ, 2017 жылы «Алматы-1 ТЖ-Ұзынағаш станциясы-Алматы-1 ТЖ» бағытында әлеуметтік маңызы бар электр теміржол бағыты ұйымдастырылған болатын.