Алмалы ауданында уақытша суық су болмайды

07.06.2023 15:30

Бұл туралы «Алматы Су» МКК мәлімдеді

«УК КОМАРОВО»

Алмалы ауданында бірқатар үй суық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы Су» МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, Алмалы ауданында суық су жергілікті түрде ажыратылады.

8 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Тілендиев – Райымбек – Розыбакиев – Дүйсенов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимаратқа суық су беру уақытша тоқтатылады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", - делінген хабарламада.