Алматыда сот шешімі бойынша дүңгіршегі бар жазғы кафе сүрілді

27.06.2023 15:12

Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған

пресс-служба акима Алматы

Төле Би көшесінің солтүстігінде Момышұлы көшесінің батысында сауда павильондары бар кафе сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарды иемденіп, мемлекеттік қордың жерінде жазғы кафе мен дүңгіршектерді заңсыз салған.

Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған.

Ұзаққа созылған сот тексерулерінен соң мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған  құрылыстарды сүру және учаскені ортақ пайдалануға қайтару туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін нысандарды сүру және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын заңсыз нысандардан арылту басталды.