Алматыда күзгі ағаш егу жұмыстары басталды

18.10.2021 15:15

Қалада кез келген алматылыққа ағаш егуге мүмкіндік беретін «Жасыл қала» науқаны жарияланды

sibhar.ru

Алматыда күзгі ағаш егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қаланың «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС әзірлеген Алматы қаласын 2030 жылға дейін көгалдандыру стратегиясына сәйкес барлық сегіз аудан қамтылды.

Жалпы 2021 жылы 350 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған,  оның 64 594-і көктемде отырғызылды. Күз мезгілінде 285 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарлануда. Биылғы күздік маусымда қалпына келтіру және бастамашылдық ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Қаланың жаңа аудандарына аса назар аударылып жатқанын атап өту қажет. Осылайша ағаштардың басым бөлігі Алатау,  Наурызбай аудандарында егілетін болады.

Қазіргі кезде Түрксіб ауданында 280 түп жапырақ тұқымдас ағаш отырғызылды. ШААЖ мен қарағай орманында жұмыстар басталып, 8 мыңнан аса ағаш егуге арналған шұңқыр әзірленді.

Сонымен қатар,  қалада кез келген алматылыққа ағаш егуге мүмкіндік беретін «Жасыл қала» науқаны жарияланды.