Алматы әкімі құрылыс саласының қызметкерлерін құттықтады

time.kz
time.kz
Құрылысшылардың кәсіби мерекесі тамыз айының бірінші жексенбісінде тойланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Тамыз айының бірінші жексенбісінде құрылыс саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Қала өсіп, кеңейеді. Бүгінде мегаполисте 816 тұрғын үй және азаматтық нысанның құрылысы жүргізілуде.

Биылғы жылдың жеті айында 1,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл- 21 608 пәтер. 2019 ж. қатысты өсім 14 пайызды құрайды. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі төрт есеге артты. 289 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл шамамен 5 мың пәтер. Сондай-ақ, жұмыс істейтін жастар үшін 350 пәтер қарастырылған. Бұдан бөлек, "Алматы жастары 3.0" бойынша әлеуметтік саланың мыңдаған жас қызметкеріне алғашқы қолжетімді несие беріле бастады.

Құрылысшылар қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосуда. Бұл жаңа мектептер, балабақша, емхана, жолдар, жылу және сумен жабдықтау желілері. Құрылысшылардың ерең еңбегінің арқасында жаңа Алматы бой көтеруде. Мереке құтты болсын!", – деді Алматы қаласының әкімі өз instagram парақшасында.

Новости партнеров