Алматыда сиреналар қашан қосылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жер сілкінісі кезінде дыбыстық дабыл қосылмады. Себебі сиреналар дүмпу 5,5 балдан асқанда ғана ойнайды екен. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Мегаполисте қазір 843 дыбыстық дабыл бар. Ал, бұл қала аумағын 100% қамтуға мүмкіндік береді.

– Бұл жолы жер асты дүмпуінің қуаты 4-5 балл аралығында болды. Сондықтан дабылды іске қоспадық. Жаппай дабыл қосып, дүрбелең туғызғымыз келмеді. Одан сайын шу-шұрқан көбейтудің мәні болмады. Ал негізі қала аумағындағы дыбыстық дабылдың саны жеткілікті, – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ шаһардың бас құтқарушысы қала тұрғындарына жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама неліктен келмегенін түсіндірді. Атығаевтың айтуынша, жедел жіберілген ақпарат мегаполис азаматтарына кеш жетуі мүмкін, ол халықтың тығыздығына байланысты.

– SMS-хабарламалар кеш жетеді. Мұны өз тәжірибемізден білеміз. Халықтың тығыздығы жоғары, ал ұялы байланыс операторлары ақпаратты өңдеп үлгермейді, – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрлан Атығаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды

Новости партнеров