Халық қатысатын бюджет: Алматыда әуежай саябағы реконструкциядан өтеді

22.09.2022 15:18

«Халық қатысатын бюджет» жобасын жалғастыру үшін бүгінгі күні ауданда 2023 жылға 164 өтінім келіп түсті

Almaty.tv

Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 800 млн. теңгеге 28 жоба орындалып жатыр. Бүгінде 11 жоба іске қосылды, қалғандары осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Бүл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жобаларды іске асыру аясында балалар алаңы, спорт және «workout» алаңдарын салу, Қарасу өзенінің бойында серуендеу аймағын (500 м), 1 км тротуарды реконструкциялау көзделген", - деді қала әкімі.

«Халық қатысатын бюджет» жобасын жалғастыру үшін бүгінгі күні ауданда 2023 жылға 164 өтінім келіп түсті.

Рекреациялық аймақтарды құру мақсатында осы жылдың қазан айында «Аспан» паркін абаттандыру, Маяк тоғайын күрделі жөндеу аяқталады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін Молдағалиев және Чехов көшелеріндегі тағы бір серуендеу аймағын абаттандыру аяқталады. Әуежай паркін реконструкциялау жалғасады. Жұмыстар 2023 жылдың мамыр айында аяқталады.