Ерболат Досаев: Алматыда ақылы тұрақ орындарының саны 30 мыңға жетеді

15.03.2024 14:20

Қала әкімі Алатау ауданы тұрғындарының сұрағына жауап берді

Almaty TV

Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы көлік  тұрағына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол қазіргі уақытта "Алматыпаркинг" компаниясы қалыптасу сатысында екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаладағы тұрақ орындары — бұл үлкен мәселе және қазір тұрақ аймақтарын кеңейту, бұрын жалға берілген жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Көлік қаңқасының Шебер-жоспар аясында әкімдік концептуалды пайымдауды ұсынады. Ақылы тұрақ орындарының саны тек тарихи орталықты ғана емес, барлық ауданды қоса алғанда, 30 мыңнан асады деп жоспарлануда. Осыдан кейін біз жеке операторлармен ынтымақтастықты талқылауға дайынбыз", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оқи оырыңыздар: Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда