Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі
Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын және өзге де ғимараттарға ыстық су беру мына көшелердің контурында шектелетін болады:
8 мамырдан 19 мамырға дейін:
Спасская-Днепровская-Клара Цеткина-Урицкий көшелерінде
10 мамырдан 9 маусымға дейін:
Закарпатская - Ахметова-Огарева-Қалмаржын көшелерінде
10 мамырдан 17 мамырға дейін:
№ 13 ықшам ауданы:
15 мамырдан 19 мамырға дейін:
Станкевич-Стахановская-Будденный-Ғанибет көшелерінде
22 мамырдан 26 мамырға дейін:
Лисаковская-Волочаевская-Береке-Айша Бибі көшелерінде
«Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.