Оған 60 шаруа қожалығы қатысады
15 қазанда сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 60 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет – 30 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері 10 тонна.
Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында.