Алматыдағы Наурызбай ауданында 300 бейнебақылау камерасы орнатылады
Depositphotos.com
Сондай-ақ 20 "Сергек" орнатылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан аумағын бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында 300 камераны орнату жұмыстары басталды (148– аулада, 100– көшеде, 52– әлеуметтік объектіде). Бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады", - деп мәлімдеді қала әкімі.
2023 жылдың I-тоқсанында 369 камераға есептелген қазіргі 36«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне (21-желілік учаскелерде, 15 - көше қиылыстарында) қосымша 205 камераға есептелген 20 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (19 – желілік учаскелерде, 1 – жол қиылысында) орнатылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36