|
26.03.2022 | 10:23
5281

Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы берілді

Автобус барлық заманауи талапқа жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған

Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарлануда.

Автобус барлық заманауи талапқа жауап береді және жүру  үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа-райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған. Ауаны реттеу  және  жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік 4 бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған.

Сондай-ақ, Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир