2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға келетін туристер саны үштен бір көрсеткішке артады. Мегаполиске шетелдік қонақтардың қызығушылығы артқан сайын әуе компаниялар рейстер арасындағы аралықтарды қысқарту, сыйымдылығы жоғары ұшақтарды таңдау сынды шаралар қабылдауда. Бұл туралы Алматы қаласының туризм басқармасы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәселен, 2024 жылдың маусым айында Алматы әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталады, соның арқасында жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін өседі.
Қалада жыл сайын туристік ағынның артуы аясында туристік инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінеді.
3,2 мың бөлмелі 15 қонақ үйдің құрылысы мен дизайны жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша инвесторларды тұрғын үй құрылысынан қонақ үйлер салуға ынталандыру арқылы нөмірлік қорды 1,5 есе 17 мың нөмірге дейін ұлғайту жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 345 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады