Бақытжан Сағынтаев «Достық» метро бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бақытжан Сағынтаев «Достық» метро стансасының атауын өзгертуді және оған Б. Момышұлының есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев қала мәслихатына Алматы метросының бекеттерін өзгерту туралы ұсыныс енгізді.

Б. Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында Қала күні қарсаңында Мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін айтты.

«Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты», - деп жазды Б. Сағынтаев.

«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ.

Достық бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның техникалық іске қосылуы осы жылдың соңына жоспарланған. «Западный» автовокзал бекеті Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Новости партнеров