Алматыда электр қуатын үздіксіз беру үшін желілер реконструкцияланды

 inbusiness.kz
inbusiness.kz
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда электр қуатын үздіксіз беру үшін 33 шақырым иесіз желілер  реконструкцияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бірнеше көшенің тұрғындарын және бау-бақша серіктестіктерін үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Алматы қаласының Медеу ауданында тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ұзындығы 5 км "Дружба Спорт" бау-бақша серіктестігінің электр желілерін қайта жаңарту және 3 трансформаторлық қосалқы станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. Оның мәліметінше, бүгінде 93  бағананы  орнату жұмыстары аяқталып,2 км жерасты кабелі мен 1,2 км әуе желісін монтаждау жалғасуда.

"Ұзындығы 33,8 км иесіз электр желілерін реконструкциялау және Горная, Шыбынсай көшелерін, Мұзтау, Кеңсай (1,2,3,4 )шағынауданы тұрғындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 11 трансформаторлық қосалқы станция салу жұмыстары аяқталды", - деді әкім.

Сондай-ақ оның айтуынша, "Асқартау" шағынауданы электр желілерін салуға ЖСҚ  әзірленуде. Ол осы жылдың қазанында аяқталады.

Новости партнеров