Алмалы ауданында жарықтандыру мәселесі қалай шешіліп жатыр

29.08.2023 15:27

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтып берді

ltcom.kz

Алмалы ауданында 1 тамыздан бастап аудан әкімдігі "АлматыгорСвет" АҚ-мен көше жарығына қызмет көрсету бойынша өздігінен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта тұрғындардың 50-ден астам өтініші орындалды, деп атап өтті әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде. Осылайша, жиі үзілістер мәселелерін шешіліп жатыр.

"Бұған дейін тұрғындар көше жарығының қазіргі жағдайына қатысты көптеген сұрақ қойған болатын. Шағымдар жиі үзілістерге, өтінімдердің дұрыс орындалмауына қатысты болды. Атап айтқанда, Алмалы ауданы бойынша күту уақыты 2 айға созылды, ал қызмет көрсету ұйымы тек 1 апаттық бригаданы жұмылдырды. Қазіргі уақытта жағдай жақсаруда: 7 бригада тәулік бойы шығып, өтінімдерді орындау уақыты 5 күнге дейін қысқарды. Төле би, Гоголь, Абай көшелерінде жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді әкім.