Наурызбай ауданында 6 жаңа мектеп салынады

11.05.2023 15:28

Құрылыс-монтаж жұмыстары қыркүйек айында басталады

meria.kg

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 6 жаңа мектеп, оның ішінде "Жайлы мектеп Ұлттық жобасы аясында 7900 орындық 5 мектеп салынады., деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл ауданда тұрғын үй салу қарқынын ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын қосымша төмендету мақсатында жасалуда. Құрылыс-монтаж жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2024 жылдың екінші жартысында аяқталады.

Сондай-ақ, шілде айында Шұғыла ш/а №174 мектепке 375 оқушы орнына қосымша құрылыс басталады. Ал балалар қосымша білім алуы үшін ауданда көпсалалы инновациялық шығармашылық орталықтың құрылысы аяқталды. Бұл 5 мыңнан астам баланы қосымша оқытумен қамтуға мүмкіндік береді.