2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматыдағы барлық 9 халыққа қызмет көрсету орталықтары бүгінен бастап қызмет көрсете бастады. Клиенттерге паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі-жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін үзіліссіз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметінің Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша миграциялық және мамандандырылған қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты. Себебі ІІМ қызметкерлері төтенше жағдай жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.