Жазушылар одағы елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жасады

Ұлықбек Есдәулеттің Ғacebook-парақшасынан
Ұлықбек Есдәулеттің Ғacebook-парақшасынан
Үндеуге әдебиет, өнер, ғылым саласының қайраткерлері мен өкілдері қол қойған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Жазушылар одағы елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты осыдан үш күн бұрын бастама көтеріп, қазақ еліне үндеу әзірлеген болатын.

Үндеудің мәтінін Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Ғacebook-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, үндеуге әдебиет, өнер, ғылым саласының қайраткерлері мен өкілдері қол қойған.

«Қадірлі бауырлар!

Біз – әдебиет және өнер қайраткерлері, елдегі ауыр жағдайға үлкен алаңдаушылық білдіріп, келесіні мәлімдейміз.

Елімізде қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай өте күрделі.

Іштен шыққан жау мен сырттан соққан жаудың құйтырқы әрекеттерінің нәтижесінде, ел іші бүлініп, қалаларымыз қирап, стратегиялық нысандарымыз отқа оранып, бейбіт тұрғындарымыз зардап шегіп жатыр.

Ірі сауда орталықтары тоналып, банкттер мен қоғамдық орындар талқандалып, жарамсыз болып қалды.

Сұлу Алматымыз әлі күнге дейін қара түтінге тұншығып тұр. Тұрғындарымыздың көзінде үрей, жүрегінде алаң пайда болды.

Сырттан мұздай қаруланған экстремисттік топтар бейбіт шеруге шыққан жұртты арамза пиғылмен арандатып, ел ішін ала тайдай бүлдіріп, тыныш өмірімізге ойран салып, бассыздықпен, қаныпезерлікпен жазықсыз жандардың қанын төкті.

Мұндай сұмдық оқиғаларды Қазақстан бұрын-соңды көрген емес.

Өздерінің пасық мүдделері үшін халық пен қалаларды құрбандыққа шалған зымиян адамдардың мұндай жауыздық, қаскүнемдік әрекеттерін зиялы, көзі ашық азаматтар көріп отыр және қатаң айыптауда.

Сондықтан осындай алағай да бұлағай шақта, еліміз үшін тарихи сын сағатта біз заңды түрде сайланған, барлық құзыретті қолына алған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қасына топтасып, бірлесе қимылдап, елдегі жағдайды тұрақтандыруға тиіспіз.

Және күллі Алаш жұртын бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлікте болуға шақырамыз!

Қолымыздағы ең қасиетті, ең киелі деп саналатын ардақты Тәуелсіздігімізді сақтап қалайық! Ел аман болсын!

Құрметпен,

1. Асанәлі Әшімов;

2. Сәбит Оразбаев;

3. Сейіт Қасқабасов

4. Нұрғали Нүсіпжанов

5. Дулат Исабеков

6. Кәдірбек Сегізбаев

7. Бексұлтан Нұржекеев

8. Темірхан Медетбек

9. Жабал Ерғалиев

10. Молдахмет Қаназов

11. Алтынбек Қоразбаев,

12. Досхан Жолжақсынов

13. Ұлықбек Есдәулет

14. Талғат Теменов

15. Секен Тұрысбеков

16. Несіпбек Айтұлы

17. Жүрсін Ерман

18. Роза Рымбаева

19. Мереке Құлкенов

20. Құлбек Ергөбек

21. Кенжехан Матыжанов

22. Анар Фазылжан

23. Бауыржан Жақып

24. Дүкен Мәсімхан

25. Бекжан Тұрыс

26. Маралтай Райымбекұлы

27. Дәурен Қуат

28. Сәкен Сыбанбай

29. Бақыт Беделхан

30. Мейрамбек Бесбаев

31. Дәулеткерей Кәпұлы

32. Ерғали Әбдірайым

33. Ақберен Елгезек

34. Серік Ақсұңқарұлы

35. Тұрсын Жұртбай

36. Бауыржан Бабажанұлы

Қол қою жалғасады», – деп жазылған үндеуде.


Новости партнеров