|
11.05.2021 | 10:30
3906

Б. Сағынтаев тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қала кеңістіктерін абаттандыру жобаларымен танысты

Визит орталықта қауіпсіз демалыстың негіздерін түсіндіру үшін жабайы табиғаттың «Тамыр» мектебі ашылған

Б. Сағынтаев тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қала кеңістіктерін абаттандыру жобаларымен танысты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Аюсай шатқалындағы тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынған визит орталықты аралап көрді,деп хабарлайды Almaty.tv.

Шатқалда жайлылық пен қауіпсіздікті арттыру үшін визит орталық салынды, мұнда туристер қажет ақпаратты, тауда жаяу серуендейтін тауарларды, кәдесыйлар мен азық-түлікті ала алады.

Жоба – санитарлық-гигиеналық орталығы, тамақтану пункті, жазғы террасасы және ақысыз Wi-Fi бар туристік ақпараттық орталық, мұнда әр турист туристік бағыттар, соқпақтар, ұлттық парктегі нысандардың байланыс мәліметтері туралы ақпарат ала алады.

Визит орталықта қауіпсіз демалыстың негіздерін түсіндіру үшін жабайы табиғаттың «Тамыр» мектебі ашылған. Еріктілер мен кәсіби альпинистер ақысыз дәрістер оқиды. 700 турист қауіпсіздік және табиғатты қорғау бойынша оқытудан өтті. Белсенді 20 қала тұрғыны еріктілер қозғалысының көшбасшысы болып, Ұлттық паркті көгалдандыруға, тау жолдары мен алаңқайдағы тәртіпті сақтауға көмектеспек.

Б. Сағынтаев сонымен қатар Үлкен Алматы шатқалындағы Іле-Алатау ұлттық саябағында экологиялық туризмді дамыту жобаларымен танысты. Визит орталықта ақпараттық қызмет пен санитарлық-гигиеналық қондырғыны орналастыру қарастырылған. Консультанттар серуендеу ережесі, бағыттар және ерекшет орындар туралы айтып береді. Сонымен қатар, ҮАӨ-нің келбетін көруге болатын көру алаңы жабдықталады. Басты талап – ауыз су көзі мен іргелес аумақтың экологиялық теңгерімін сақтау.

Алматы тау кластарін дамыту аясында соңғы 4 жылда 1000 шақырымнан  астам таулы бағыттар цифрландырылды, оның ішінде ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды. Цифрландырылған бағыттар Интернет желісінде және оффлайн режимінде GPS Ranger және 2Gis навигаторларында қолжетімді. 2021 жылы қосымша 172 шақырым тау соқпағын жақсарту жоспарлануда.

Қала әкімі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жанындағы саябақтың абаттандыру жұмысын көрді. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың беткеұстар нысанын реконструкциялауда объектінің тарихи және сәулеттік құндылығы сақтала отырып өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, «4 чаши»фонтаны мен «Каскад» субұрқақ кешенің сырты тазартылады және олар жарықтандырылады. Сондай-ақ, «Неделька» субұрқақ кешені доғасының сыртқы түрі мен элементтері қалпына келтіріледі. Бұдан өзге, МАТОБ-тың басты кіреберістеріндегі фонтандар мен шамдар қалпына  келтіріледі, кіші архитектуралық пішіндердің тарихи стильдері реттеледі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде әлеуметтік қызмет көрсету үйінің дайындығын тексерді. Ғимаратты әлеуметтік қызмет көрсету үйі ретінде реконструкциялау жобасы аяқталып қалды. Қазіргі кезде жиһаздар мен интерьердің қажеттері бұйымдары қойылуда. Мұнда “бір терезе” қағидаты бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызметтер көрсетілетін болады.

Бірінші қабатта әлеуметтік  қызметтер көрсету үшін Әлеуметтік әл-ауқат, Тұрғын үй саясаты басқармаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, БЖЗҚ-ның, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің өкілдері орналасатын болады. Жоғары қабатта бейінді басқармалар жайғасады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир