12 наурыз күні сағат 22:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады, 13 наурызда түстен кейін ол сілбі қарға ауысты. Қаланың тау бөктерінде 10 см-ге дейін қар жауды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Арық желісі арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында түнгі кезеңде 52 жедел мобильді бригада жұмыс істейді.
Су тасқынының алдын алу және жою үшін 465 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпалар және 140 жол жұмысшылары шығуы ұйымдастырылды. 2200 қап құм бар.
Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша сағат 07:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.
Дислокация орындарында 139 құм таратқыш кезекшілік етеді. Жоғарғы аудандарда 120 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілген.
Таңертеңгі сағат 5.00-ден бастап қаланың жоғарғы бөлігінде қар тырмалау бойынша 6 колонна ұйымдастырылды.
Таңғы сағат 8.00-ден бастап 463 бірлік техника мен 1028 жол жұмысшысы шығады деп жоспарлануда.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша күндіз ауа температурасы 0...+2 градус болады. Жауын-шашын 15 сағатқа дейін болады деп болжануда.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Оқи отырыңыз: Көктайғақ, тұман: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы