Алматыда демалыс күндері қандай нысандардың жұмысы тоқтайды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қала тұрғындарының назарына – қатаң шаралардың арқасында ғана қаладағы жағдай түзелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада демалыс күндері қандай нысандардың жұмысы тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, демалыс күндері, бұрынғыдай, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды.

«Қоғамдық көлік демалыста жұмыс істемейді. Ол жағдайға байланысты. Біз жұқтыру, өлім жағдайын, аурудың, тіпті төсек-орындардың көрсеткішін бақылап отырмыз. Бұл көрсеткіштердің деңгейі төмендегенде, қандай да бір нысанның жұмыс істеуі қарастырылады. Оның ішінде, қоғамдық көліктер де бар», – дейді Бекшин.

Одан бөлек, Жандарбек Бекшин демалыс күндері тауға шығуға әлі де тыйым салынатынын айтты.  

«Тауға шығуға рұқсат бергенде ол дұрыс емес екенін түсіндік. Себебі әр жерде пикник жасалып, артынша қоқыс үйіліп қалатын. Ол үлкен тәуекел. Сондықтан олар әлі де жабық», – дейді ол.

Сондай-ақ базар, сұлулық салондары, монша мен сауналардың жұмысы тоқтайды.

«Базарлар, барлық базар жұмыс істемейді. Шаштараздар, монша мен сауналардың жұмысы тоқтайды. Қала тұрғындарының назарына – қатаң шаралардың арқасында ғана қаладағы жағдай түзелді. Мейрам күндеріне бұған дейін де шектеулер болған. Дүйсенбі бойынша қосымша шешім шығарылады», – деді Бекшин.

Новости партнеров