Алматы әкімі тұрғындармен әртүрлі форматта жиі кездеседі

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ерболат Досаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі қала тұрғындармен кездесулерді жиі ұйымдастырып, әрі түрлі форматта өткізеді деп, хабарлайды Аlmaty.tv.

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев осындай кездесулердің жүйелілігі туралы пікір білдірді.

- Мен Алматы тұрғындарымен кездесу өткізуді тоқтатқан жоқпын, кездесу форматы өзгерді. Әр тоқсан сайын аудандарды аралаймын. Жылына екі рет халықпен көзбе-көз жүздесемін. Өткен жылдың төртінші тоқсанындағыдай екі рет тиісті орындарға барып, нақты мәселелерді шешеміз.Сондықтан, уәде етілгендей, мен әр ауданның тұрғындарымен  жиі кездесіп отырамын, - деді Ерболат Досаев.  

Айта кетерлігі 2023 жылы қала әкімі 8 ауданның тұрғындарымен 32 кездесу өткізді.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Сайран көлі жыл соңына дейін абаттандырылады

Новости партнеров