|
11.08.2024 | 11:15
6064

Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті

Оған еліміздің танымал актерлері де қатысты

Алматыда Абай күніне арналған концерт-спектакль өтті Almaty.tv

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында қазақ ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрермендер әр нөмір сайын шабыттана қол соғып, әртістерге ризашылығын білдірді.

Абайдың жас, дана және күрескер кезеңдерін еліміздің танымал актерлері Ернат Күншібаев, Болат Әбділманов және Ерлан Біләл сомдады.

Спектакльде Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының хоры мен SteppeSons аспаптық тобы Абайдың әндерін орындап, қойылым мазмұнын терең ашты.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары ақынның төрт мезгіл туралы өлеңдерін оқып, халық ықыласына бөленді. Сахнаны кітап бетіне ұқсас экран толықтырды, онда көрермендерге Абайдың қара сөздері көрсетілді.

Бағдарламаның музыкалық бөлігінде «МузАРТ» тобы мен Ерден Жақсыбек әдемі әуенге толы әндер орындады. Спектакль-концерт «IL CANTO» вокалдық квартетінің орындауындағы Абай әндерінен құралған попурримен аяқталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир