Жаңа жылдан бастап Алматыда мектеп автобустары жүреді
gov.kz
Автобустарға 2 млрд теңге бөлінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы халқымен кездесуінде жиналған азаматтардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бостандық ауданына жоғары жақтан қосылған ықшамаудандарға қосымша мектеп автобустары бөлінеді деп едіңіз. Сол қашан іске қосылады?" - деп сауалын жолдады аудан тұрғыны.
"Өткен мәслихаттың отырысында бюджетке кіргіздік. Осы жылы арнайы мектептерге 100 автобус сатып аламыз. Жалпы 2 млрд теңге бөлдік. Автобустарды 1 қаңтардан жібереміз. Қала бойынша әр 8 ауданнан 29 мектепті таңдадық. Бостандық ауданының әкімі берген тізім бойынша Әл-Фараби даңғылының жоғары жағындағы мектептерге таңертең жүретін болады", - деп жауап берді қала әкімі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00