«Халық қатысатын бюджет»: Бостандық ауданында 21 жоба іске асырылуда

inalmaty.kz
inalmaty.kz
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында 21 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылы Бостандық ауданында 80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған болатын. Алайда, конкурс процедураларының ұзақ жүруіне және шағымдарға байланысты шарттар тек осы жылдың қыркүйек айында жасалды. Осылайша бүгінгі күні 40 аула жөндеумен қамтылды, олар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Қалған 40 ауланы 2023 жылдың II-III-ші тоқсанында абаттандыруға мәжбүрміз (2021 жылы 100 аула жөнделді). Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауданда 800 млн. теңге сомасына 21 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні 11 объект бойынша жұмыстар аяқталды»,- деді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, бұл бағдарлама бойынша аудан тұрғындары 2023 жылға қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу мен орнату және басқалар туралы 165 өтінім берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша алдын ала 17 жоба таңдап алынды (9 - спорт және балалар алаңы, 7 - қоғамдық кеңістік және 1 – сквер).

Новости партнеров