Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының көлемі артады

09.02.2024 15:38

2024 жылы 34 жаңа жоба іске асырылады

Victor Glutsenko

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматының Медеу ауданында биыл 34 жаңа жобаны іске асыру жоспарланған. Тұрғындардың бастамасы бойынша 20 аула абаттандырылады, 7 жаяу серуендеу аймағы жаңартылады және 7 автоматты суару жүйесі орнатылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы Медеу ауданы үшін бағдарламаның бюджеті 1,6 млрд теңге болғанын, биыл қаржыландыру 2 млрд теңгеге дейін көбейгенін айтты.

Алматының Медеу ауданында аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп келеді. Мысалы, өткен жылы ағымдағы жөндеу аясында аула аумақтарын жөндеуді, үйлердің қасбеттерін жаңартуды, жаяу жүргіншілер өткелдерін қайта жаңартуды қосқанда, 122 жоба жүзеге асырылды.

Оқи отырыңыз: Биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады