Биыл көктемде Шымбұлаққа барар жол бойындағы тау беткейлері нығайтылады
фото Victor Glutsenko
Бұл туралы мегаполис әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы "Медеу-Шымбұлақ" жолында құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары 2023 жылдың күзінен бері жалғасуда. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- Өткен жылдың қазан айынан бастап "Мохнатка" және "Горельник" тау беткейлерінен 80 мың шаршы метрге жуық тас шығарылды және 17,6 мың текше метр үйінділер тазартылды, - деп түсіндірді қала басшысы.
Айта кетерлігі, 2024 жылдың көктемінде Шымбұлаққа барар жолда тау беткейлерін нығайту жұмыстары басталады. Сондай-ақ нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстары 2024 жылдың күзінде аяқталады.
Оқи отырыңыз: Алматының қоғамдық кеңістіктері қалай өзгереді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41