Биыл жыл соңына дейін Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылады

17.02.2023 15:39

Ақжар және Шұғыла шағынаудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді

elements.envato.com

Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

2022 жылы Ақжар шағынауданында 10 км жол және Ақжар, Қарағайлы мен Шұғыла шағын аудандарының 12 көшесінде 8 км тротуар салынды, 23 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Биыл 2023 жылы Ақжар және Шұғыла шағынаудандары бойынша 20 көшеде 16,4 км жол салынып, 21 км жол орташа жөндеуден өтеді.

«Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзартуды аяқталады. Қазір жер телімін сатып алу және алып қою жұмыстары жүріп жатыр. Бұған қоса, осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасына мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығуға тиіс», - деді қала әкімі.