Бостандық ауданында көшелерге жөндеу жүргізіліп, қоғамдық көлік жаңартылады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы Алматының Бостандық ауданында 32 автобусты жаңарту және 33 көшені жөндеу жоспарланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Биыл Алматының Бостандық ауданында 33 көшеде 30 км жолға орташа жөндеу, сонымен қатар, 500 млн теңгеге 30 мың шаршы метрге асфальт жабындысын қалпына келтіре отырып, ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.

Қала басшысы 2023 жылы 22 көшеде 26 км жолға орташа жөндеу жүргізілгенін және 107 көшеде 29 мың шаршы метр асфальт төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізілгенін еске салды.

- Жол және көлік инфрақұрылымын жаңғырту қаланы дамыту жоспары әкімдіктің басты басымдықтардың бірі болып табылады. Сол себепті осы жылдың наурыз айының соңына дейін 2 маршрутта (№120 және 211) 32 автобусты толығымен жаңарту, сондай-ақ 4 маршруттың (№59, 118, 120, 123) жылжымалы құрамын жаңа автобустарға ауыстырып, 67-ден 74 бірлікке дейін қосымша күшейту жоспарланған, - деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, аудан халқына көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023 жылы 15 маршруттың құрамы (№ 4, 15, 32, 38, 63, 65, 92, 95, 112, 119, 128, 209, 210, 212, 224) жаңартылып, 257-ден 290-ға дейін ұлғайтылды.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында 7,5 км инженерлік желі қайта жаңартылады

Новости партнеров