ЖШС-ның баспасөз қызметі, тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды
Алматы қаласының Жетісу және Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су Жетісу және Түрксіб ауданы аумағындағы Жансүгіров-Тихий-Глазунов-Рысқұлов көшесінің контурындағы, Ратушный көшесіндегі, сондай-ақ Құлагер, Көкмайса және Айнабұлақ 1, 2, 3, 4 ықшамаудандағы тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.
"10 маусым күні қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.