Наурызбай ауданында 5 жаңа мектеп салынады

25.07.2024 15:44

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Жыл соңына дейін Алматының Наурызбай ауданында 5 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың бірі-1200 орындық мектеп осы қыркүйекте ашылады. Нысан «Алем Сити» ТК жанында орналасқан. Айта кетейік, жоба «жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жалпы сыйымдылығы 6700 орындық қалған төрт мектеп осы жылдың соңына дейін салынады.

2025 жылдың ақпан айында «Шұғыла» ш/а №174 мектепке 375 оқушы орындық қосымша құрылысты аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Мектеп автобусы» жобасы аясында 2023 жылдан бастап Наурызбай ауданының 2800 оқушысына оқу орнына жету қиын болған 7 мектепке 33 автобус бөлінді. Жаңа оқу жылының басынан бастап 3200 оқушыны қамти отырып, автобустар санын 42 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.

Наурызбай ауданында барлығы 29 мектеп бар, онда 29 858 оқушы оқиды. Бүгінгі таңда 3 626 оқушы орны тапшы.

Ауданның мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын төмендету мәселелері де шешілуде. Атап айтқанда, 2024 жылдың қыркүйегінде «Шұғыла» ш/а 320 орындық балабақшаны пайдалануға беру жоспарлануда.

2024 жылдың соңына дейін Құрамыс және Шұғыла шағынаудандарында жалпы сыйымдылығы 640 орындық тағы екі жаңа балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Ауданда барлығы 7 296 баланы қамтитын 139 балабақша бар.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында 10 жылда алғаш рет денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады