|
06.10.2020 | 11:13
4026

Алматылықтар қазанның соңына дейін Coursera платформасында тегін курстарға өтініш бере алады

Жауап өтініш берген сәттен бастап 5 күн ішінде келеді

Алматылықтар қазанның соңына дейін Coursera платформасында тегін курстарға өтініш бере алады Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімдігі Coursera платформасында онлайн оқыту бойынша жобаға тегін қатысуға өтінім беру мерзімі 2020 жылдың қазан айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлайды. Барлығы 5000 алматылық білім беру курстарынан тегін өте алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тіркелгеннен кейін қала тұрғындары платформаның білім беру бағыттары бойынша 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін оқуға мүмкіндік алады.

Coursera курстарынан өту үшін міндетті түрде аты-жөнін, қызмет түрін және электрондық мекен-жайын көрсетіп, almaty.coursera@mail.kz-ке өтініш жіберу керек

Бұдан кейін электрондық мекенжайға шақыру туралы хабарлама келеді. Тіркелгеннен кейін сіз сайтта ұсынылған кез-келген курстарды таңдай аласыз: IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент, маркетинг және басқалары.

Жауап өтініш берген сәттен бастап 5 күн ішінде келеді. Егер тегін оқу алған адам жеке кабинетін екі аптадан астам уақыт бойы пайдаланбаса, жазылым жойылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир