Алматының 39 көшесінде жарық жүргізіледі

stolb.com.ua
stolb.com.ua
Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев көшені жарықтандыру мәселеcін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрксіб ауданының 100 ішінара жарықтандырылмаған көшесінде тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атады. 61 көшеде жарық қосылған, қалған көшелердің жұмысы 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.

«Наурыз айында ұзындығы 7,5 км болатын 2 магистральды көшенің сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмысы аяқталды. Тұрғындардың өтінімі бойынша осы жылдың соңына дейін «Әлмерек», «Нұршашқан», «Жас Қанат» шағынаудандарында, Енисейская, Бакинская және т.б. көшелерде 80 учаске бойынша қосымша сыртқы жарық желісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді», – деді Ерболат Досаев.

Новости партнеров