Халық қатысатын бюджет: Медеу ауданындағы жобалар аяқталуға жақын

29.09.2022 15:45

Бағдарлама аясында 19 жоба іріктелген болатын

пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде "Халық қатысатын бюджет" аясындағы жобалар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 2022 жылы 800 млн теңгеге 19 жоба іріктеп алынды. 

"Оның 18-і аяқталды, бір жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл -  Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру. Жұмыстарды осы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында жалпы сомасы 493 млн теңгені құрайтын 23 жоба бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оның ішінде – Кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру және 20 ауланы жөндеу жобасы бар. Бұл жұмыстар биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады.

Мегаполис басшысының айтуынша, "Халықтық қатысатын бюджет" бағдарламасы шеңберінде келіп түскен 128 өтінім бойынша дауыс беру аяқталды.

"Оның ішінен бүгінгі күні комиссия алдын ала 800 млн. теңге сомасына 2023 жылы жүзеге асырылатын 30 жобаны іріктеп алды", - деп толықтырды Досаев.