Халық қатысатын бюджет: Алатау ауданында 37 жобаны іске асырылмақ

domika.kz
domika.kz
2023 жылдың соңына дейін ауданның барлық 19 жерүсті жаяу жүргінші өткеліне күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылы қала тұрғындары үшін қалалық ортаның жайлылығын жақсарту мақсатында Алатау ауданында 36 қоғамдық кеңістік салынып, 53 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 63 үйдің фасады жаңартылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, 2023 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 37 жобаны іске асыру жоспарланған. Балалар алаңы мен воркаут аймағы, футбол алаңдары, баскетбол және волейбол алаңдары, жаяу жүргіншілер аймағы, саябақтар салынады. Аула ішіндегі аумақтардың жағдайын жақсарту үшін шұңқыр үлгісіндегі 45 контейнерлік алаң орнатылып, 23 аулаға биылғы жылы жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ Саялы және Ақбұлақ шағынауданындағы қалған 63 үйдің фасадын жаңарту аяқталады», деп мәлімдеді қала әкімі.

Бұдан басқа 2023 жылдың соңына дейін ауданның барлық 19 жерүсті жаяу жүргінші өткеліне күрделі жөндеу жүргізіліп, лифтілер мен пандустардың жұмысы ретке келтірілетінін атап айтты.  

«Осы жылдың соңына дейін Зерделі шағынауданындағы 32 үйдің қалған жетеуін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады. Қазіргі уақытта құрылысы аяқталмаған 2 үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр, оны осы жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланған. Осы жерге сквер салынатын болады. Сондай-ақ, көктемде 3 ірі рекреациялық аймақ – Өжет шағынауданындағы тоғанды, Боралдай өзенінің бойын, Зерделі шағынауданындағы жасыл аймақты абаттандыру жұмыстары басталады. Жұмыстарды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған», – деді Е. Досаев.

Қала әкімі ауданда жаңбыр жауған кезде үнемі су басатын жерлердің мәселесі де қарқынды шешіліп жатқанын мәлімдеді. Төтенше жағдай желісі бойынша осы мәселені жедел шешу үшін өткен жылы коллекторларды, бұру каналдарын қалпына келтіру және арық желісін салу жұмысы басталған.

«Бүгінде 7 учаскеде жұмыс аяқталды. 3 коллектор қалпына келтірілді және ұзындығы 955 м арық желісінің құрылысы аяқталды (Қаракемер көшесі, Мұқаев көшесі, Таджикская көшесі, Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесінің қиылысы – ауысу). Қалған 11 учаскені жою жұмысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», – деп айтты Алматы әкімі.

Сондай ақ 2 коллектор, 1 бұру каналы қалпына келтірілетінін, арық желісінің 8 учаскесінің құрылысы қамтамасыз етілетіні айтылды.

Новости партнеров