Алматының индустриалды аймағында құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары ашылып жатыр

Алматының индустриалды аймағында құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары ашылып жатыр
2025 жылға дейін индустриялық аймақта 34 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаланың индустриалды аймағының директоры Әділ Амралин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қолданыстағы жобалар туралы айтты. Атап айтқанда, "СК Рахат" автоклавты газобетон өндіретін жаңа зауыттың қызметіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Ә. Амралиннің айтуынша, Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) соңғы отырысында "Рахат СК" автоклавты газобетон өндіру зауыты жобасының параметрлеріне өзгерістер енгізілген.

«Инвестордың сұрауы бойынша кәсіпорын шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтіп, газ блоктармен қатар Color Mix брусчаткасын, тротуар плиталарын, қаптауыш кірпіштерді, декоративті блоктарды, қабырға панельдері мен блоктарды өндіретін болады. Толықтыруларды енгізу өндіріске инвестицияларды 1,8 млрд. теңгеге арттырады»,– деді Алматы индустриалды аймағының директоры.

Бүгінде жаңа жобаларды ескере отырып, 62 компания индустриалды аймақтың қатысушылары. Яғни 241 млрд. теңгеге 7 мың жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Спикердің айтуынша, 2020 жылы Алматы индустриалды аймағының резидент кәсіпорындары 4,2 млрд. теңге салық төлеген.

Осы жылы 245 жұмыс орнын құрумен 13,8 млрд. теңгеге үш жоба іске қосылды (КМК Investment – екінші кезең, "Рахат” СК, "Г. С. Г. Высотник"), сондай-ақ 1,5 мың ш. м. өндірістік алаңдарды құрумен шағын өнеркәсіптік парк (ADS Industries) іске қосылды.

Барлығы 16 жоба іске асырылды ("BRB APK", "Almapack", "DOC Co.LTD", "TOKYO ROPE ALMATY", "KMK Investment" - бірінші және екінші кезеңдер, "KazTigerTape", "ЭНКО", "ASSET", "Техновид", "МПЗ Бижан", "ДорХан-Алматы", "Алмерек", "Hyundai Trans Kazakhstan", "Рахат СК", "Г.С. Г. Высотник") жалпы сомасы 77,4 млрд. теңгені құрады.  154,9 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді.  81,5 га аумақ қамтылды, 2 593 жұмыс орны құрылды.

Ә. Амралин 2021 жылдың соңына дейін тағы 7 жобаның салынатынын айтты. Олар "Қаз-Диа-Тест", " City Stone", "Әлем Тынысы", "Asia steel Pipe corporation", "Электробар", "Valtherm", "Technokont", жалпы сомасы 37,8 млрд. теңгені құрайды. 658 жұмыс орнын қамтиды. Сондай-ақ биыл индустриалды аймақта 4 өнеркәсіптік паркті іске қосу жоспарлануда.

2025 жылға дейін индустриялық аймақта жалпы инвестиция сомасы 111,95 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қосымша 3 294 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Алматы индустриалды  аумағының жалпы ауданы 490 га құрайды, оның 326 га аумағы пайдалы аймаққа жатады, инфрақұрылымға тағы 164 га жер бөлінген. Бүгінгі күні инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 251,5 га жер берілген, 74,5 га аумақ әзірге бос тұр.

Новости партнеров