Дамудың жаңа бағдарламасы – бұл қала тұрғындары үшін түсінікті, заманауи талаптар мен міндеттерге жауап беретін құжат
Қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен «Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» бекіту бойынша Алматы қаласы Мәслихатының ХXV сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дамудың жаңа бағдарламасы – бұл қала тұрғындары үшін түсінікті, заманауи талаптар мен міндеттерге жауап беретін құжат. Бұл ретте, қолданыстағы даму жоспары орталық мемлекеттік органдармен келісім бойынша жаңа даму бағдарламасына түзетілетін болады және нәтижесінде жаңа сапалы және өзектендірілген мазмұнға ие болады.
«Даму бағдарламасы бұрын осы жылдың шілде айында өзім қоғамдық кеңеске ұсынған 7 негізгі мақсатқа негізделген. Даму бағдарламасы осы жылдың шілде айында мен ұсынған 7 негізгі мақсатқа негізделген, олар: «Жайлы қалалық орта», «Орнықты экономикалық өсім», «Басқарылатын урбандалу», «Әлеуметтік орнықтылық және тұрақтылық», «Жасыл Алматы», «Ақылды қала және қауіпсіз қала», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, 2030 жылға дейін the Global Livеability Index TOP-70 индексіне кіруге талпыну керек.
«Бұл қалалардың жайлылық деңгейінің интегралды индексі, мұнда тұрғындардың өздері қаладағы өмір сүру жайлылығын 30-дан астам көрсеткіш бойынша бағалайды. Біз Алматыны осы индекстен өмір сүру жағдайлары жайлы мегаполис ретінде, бүкіл әлемнің озық технологиялары, инновациялары мен сапалы адами капитал үшін тартылыс нүктесі ретінде көргіміз келеді. Қазір біз сіздермен бірге ортақ жолдың басында тұрмыз. Алда бізді ең қиын іс күтіп тұр-бұл белгіленген жоспарларды тиімді іске асыру мәселесі. Қойылған міндеттерді жоспарлы және кешенді іске асыру үшін жекелеген іс-қимыл жоспарлары қабылданады, жол карталары әзірленеді және жобалық офистер құрылады», - деді ол.