|
29.02.2024 | 10:49
867

Наурызбай ауданында қанша шақырым жол жөнделеді

55 көшенің 28,7 шақырым жолына орташа жөндеу жоспарланады

Наурызбай ауданында қанша шақырым жол жөнделеді пресс-служба акима Алматы

2024 жылы Ақжар, Шұғыла шағынауданында тағы 8,8 км жол салу жоспарлануда, 55 көшеде 28,7 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі, тағы 70 мың шаршы метр жол төсемі жаңартылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

- Жол инфрақұрылымы мен қоғамдық көлікті дамыту әкімдік жұмысының басым мәселелерінің бірі болып қала береді. 2023 жылы Ақжар, Шұғыла шағынауданында 14 көшеде 27 км жол салынды. Қалқаман, Құрамыс, Таусамалы және Шұғыла шағынаудандарының 11 көшесінде 8 км жаяу жүргіншілер тротуарлары пайдалануға берілді, - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысының мәліметінше, өткен жылы Наурызбай ауданында ұзындығы 15 км 16 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу аясында ауданның 170 көшесінде 45 мың шаршы метр асфальт жабыны қалпына келтірілді.

Қала бойынша жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматыда 70 көшеде 25 км жаңа жол салынды және 200 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. 2024 жылы жаңа жолдардың құрылысын 70 км-ге дейін және орташа жөндеуді 250 км-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданының барлық көшелері 2024 жылдың соңына дейін жарықтандырылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир