Әуезов ауданында 2023 жылы ШОБ белсенді субъектілерінің саны 14 пайызға артты

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылы Алматының Әуезов ауданына әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, сыртқы жарықтандыруды жаңғыртуға,  спорттық және шығармашылық үйірмелерді іске асыруға 36 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Осылайша ауданды қаржыландыру 2023 жылмен салыстырғанда 40% өсті.

- Әуезов ауданы ең тығыз қоныстанған, инфрақұрылымы мен бизнес ортасы дамыған. Мұнда қаланың әрбір алтыншы бизнес субъектісі жұмыс істейді. 2023 жылы ШОБ белсенді субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 14%, 52 мыңға дейін өсті, бұл Әуезов ауданында 7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға және салық түсімдерін 36%,  218 млрд теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті қала басшысы.

Функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Әуезов ауданының бюджеті 2023 жылы 2,2 есеге , 11,5-тен 26 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте 2023 жылға арналған "Халық қатысатын бюджет" жобасын іске асыруға Алматының барлық аудандарына 15,5 млрд теңге бөлінді, 2024 жылға бұл жобаның бюджеті 17 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Оқи отырыңыз:  Алматыда Жандосов – Сайын – Шаляпин көшелері мен Қарғалы өзені аумағында сумен қамту желісі салынады

Новости партнеров