Жаңартылған баққа келушілер бір апта бойы тегін кіре алады
Алматыда 15 маусым күні Бас ботаникалық бағы қайта ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
15-21 маусым аралығында барлық келушілер жаңартылған баққа тегін кіре алады. Сондай-ақ, бақ аумағында бір апта бойына экскурсиялар, өсімдік шаруашылығы бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылады.
Бұл күндері бақ сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.
Ботаникалық баққа:
- Тимирязев көшесіндегі негізгі кіреберістен;
- әл-Фараби даңғылы тұсынан;
- «Атакент» көрме орталығының аумағынан кіруге болады.
Айта кетерлігі, барлық келушілер міндетті түрде медициналық маска киюі қажет.