Медеу ауданының көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр
gov.kz
Жұмыстар 15 қазанға дейін аяқталуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 1 млрд теңгеге ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Жыл басынан бастап 1,4 млрд теңгеге ұзындығы 21,4 км 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Онда тротуарлар салу да қамтылған. Бүгінгі күні 27 көше бойынша жұмыстар аяқталды. Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оларды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді қала әкімі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25