Алматының Алатау ауданында жаңа алаң пайда болады

inform.kz
inform.kz
Алаң бұзылған екі үйдің орнына салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыдағы "Зерделі" шағынауданында аяқталмаған екі апатты үй бұзылды. Енді бұл жерде алаң пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, алаң салу жұмыстары 2024 жылдың 2-тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал биыл маусымға дейін осы шағынаудандағы 30 үйдің қалған екеуін нығайту және түзету жұмысы аяқталады.

Әкімнің айтуынша, Алатау ауданында тұрақты су басу орындары мәселесі де шешілген. Қолда бар 18 учаскенің ішінен 16 учаскеде жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша бір ай ішінде аяқталады.

"Сонымен қатар биыл біз Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстарын бастадық. Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді, жұмысты 2023 жылдың қыркүйегінде аяқтаймыз", - деді әкім.

Новости партнеров