Алатау ауданы биыл қосымша 30 мектеп автобусын алады

Almaty TV
Almaty TV

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматның Алатау ауданында 2024 жылы 23 мыңға жуық оқушыны мектеп автобустары тасымалдайтын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы  тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мектеп автобусы" жобасы аясында Алатау ауданында 2023 жылы 10 мыңнан астам оқушыға қызмет көрсететін 6 мектепке 36 автобус бөлінді.

Жаңа оқу жылының басында 23 мыңға жуық оқушыны қамти отырып, 14 мектепке тағы 30 автобус бөлу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, "Мектеп автобусы" жобасы қала басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында мегаполисте жүзеге асырылуда. Ол бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс балаларға бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін өткен жылы қала 100 арнайы автобус сатып алды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, Алматыдағы  27 мектепті қосымша қамту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы Алатау ауданында қанша шақырым жол жөнделеді

Новости партнеров