|
15.03.2024 | 10:08
1499

Халық қатысатын бюджет аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды

Алатау ауданында ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады

Халық қатысатын бюджет аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылы Алматыда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 50-ден астам қоғамдық кеңістік құрылды. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қоғамдық кеңістіктерге мыналар кіреді: ұзындығы 1,5 км Аханов көшесіндегі үш шағынауданды байланыстыратын жаяу жүргіншілер аймағы: Алатау Сити, Ақбұлақ, Дарабоз шағынауданы, "Сирень бағы" тақырыптық алаңы, Зерделі шағынауданындағы алаң, аумағы 35 болатын Қарасу шағынауданы, ол жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша құрылған.

2024 жылы 2,5 млрд теңге сомасына "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының 45 жобасы іске асырылатын болады, Қарасу шағынауданында саябақ құрылысы жалғасады. "Қарағайлы бор" скверін кеңейту, сондай-ақ Чуланов, Өтемісов және Доспанова көшелерінде қоғамдық кеңістіктер құрылады.

Сонымен қатар 2024 жылдың мамырында Боралдай өзені бойындағы  Өжет шағынаудандағы тоған айналасындағы ірі рекреациялық аймақтардың құрылысы аяқталады.

Айта кетерлігі, рекреациялық аймақ – бұл халықтың демалыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаладағы арнайы бөлінген орын. 

Оқи отырыңыз: 2024 жылы Алатау ауданында қанша шақырым жол жөнделеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир